БҚО «Ақжайықтың» шығынына таңғалды

БҚО «Ақжайықтың» шығынына таңғалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев жергілікті команда «Ақжайықтың» шығынына таңғалды.

– Басты мәселе 2020 жылы бюджетті қалай қажетті жағына бағыттау болып тұр. 2019 жылдың 9 айында әкімшілік-басқарушы қызметкерлерге 75 миллион теңге бөлінген екен. Ал балалар мен жасөспірімдердің шығыны 100 миллион теңгені құраған. Бұл өте нашар көрсеткіш. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін 172 мың еуро жұмсалған. Мұның бәрі бәсекелестік жасамай алынған дүниелер. Су, шәй мен стақандар 840 еуроға алынған. Бұл қалай болғаны? Достар, шығынды қалай азайтуға болады? Клубтың басшыларына басқа шығындарды азайтып, балалар футболына кететін қаржыны көбейтуді тапсырдық», – деп жазды Аманжол Алпысбаев Facebook парақшасында.

Айта кетейік, «Ақжайық» биылғы маусымды Бірінші лигада өткізген. Премьер-лига жолдамасы үшін өткен матчта жеңіліс тауып, Бірінші лигадағы жорығын жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или