Басқа

adidas - «Астана» президенттік клубының жаңа техникалық серіктесі

adidas - «Астана» президенттік клубының жаңа техникалық серіктесі
news-banner7
mobile-news-top

Жаңа спорт маусымынан бастап әлемге әйгілі adidas спорт бренді «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы командаларының жаңа техникалық серіктесі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Астана» мультиклубында adidas-тың Қазақстандағы ресми дистрибьюторымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылғаннан кейін мәлім болды.

Осылайша, жаңа маусым - 2021 жылдан бастап «Барыс» хоккей клубы мен «Астана» баскетбол клубы adidas ұсынған спорттық формада өнер көрсетеді. Айта кетейік, «Астана» футбол клубы осы брендпен бірге клуб құрылғаннан бері жұмыс істеп келеді.

adidas компаниясы клубтарға арналған ойын және жаттығу жабдықтарын ұсынумен қатар, 2021 жылдан бастап компанияның ресми дүкендерінде «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына енетін командалардың атрибуттарын сатуды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыс Нұр-Сұлтан қаласынан басталады әрі болашақта тараптар аталған қыметпен еліміздің барлық аймақтарын қамтымақ.

Глава спортивного холдинга «Астана» Аскар Баталов подписывает соглашение с adidas

Құжатқа қол қойғаннан кейін «Астана» спорт холдингінің басшысы Асқар Баталов әлемдегі ең ірі спорттық брендпен ынтымақтастық орнату - клубтарымыздың беделін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. Әрі бұл бағытта жанкүйерлердің мүдделері бірінші кезекте ескерілетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы 2012 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Бас серіктес - «Самұрық-Қазына» АҚ. Президенттік клубтың туы астында әлем деңгейдегі «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Астана» баскетбол клубы бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер