Қазақстандық теннисшілер Финляндиядағы халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстандық теннисшілер Финляндиядағы халықаралық жарысқа қатысады

Финляндияның Лохье қаласында үстел теннисінен Finlandia Open халықаралық жарысы өтеді.

Жарысқа әлемнің 25 елінен келген теннисшілер қатысады. Ал Қазақстанның намысын мына спортшылар қорғайды: Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Анастасия Лаврова, Анель Бахыт, Сарвиноз Миркадирова, Бекұлан Жамал, Ирисбек Артукметов, Ангелина Романовская, Бақдәулет Әкімәлі, Вячеслав Захаров, Санжар Жұбанов, Алсу Сапарова және Искандер Харки.

Құрама жаттықтырушылары: Дмитрий Левенко, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко.

Байрақты бәсеке желтоқсан айының 5-8 күндері аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или