Тимур Құлыбаев World Athletics басшысымен кездесті

Тимур Құлыбаев World Athletics басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен World Athletics басшысы Себастьян Коэ кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span> Елордаға танымал спорт функционері, 1980 жылғы Мәскеу және 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының жеңімпазы Себастьян Коэ екі күндік іссапармен келді. Нұр-Сұлтанға сапары барысында ол бірнеше іс-шараға қатысты. </span>

<span>Қазақстан ҰОК пен World Athletics басшысының кездесуінде отандық жеңіл атлетиканың даму барысы және 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық кезеңі талқыланды. </span>

<span>Сондай-ақ, жеңіл атлетикалық нысан құрылысы мен жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі мәселелер талқыланды. </span>

<span>World Athletics басшысы «Барыс-Арена» мұз сарайын аралап, жаңадан салынып жатқан «Жабық жеңіл атлетика кешенінің» құрылысымен танысты. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или