Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Изим Избаки желтоқсан айында жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

Избаки жаңа жыл қарсаңында төртінші жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда айқас өтпейтін болды. Бұл туралы боксшы инстаграм-парақшасында мәлім етті.

24 жастағы қазақстандық боксшы қаңтарда шаршы алаңға оралатынын да жеткізді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Еске сала кетелік, Изим Избаки АҚШ-та 23 тамызда алғаш рет дебютті кездесуін өткізген болатын. Ал 7 қазан күні АҚШ-тың Мичиган штатындағы Флинт қаласында өткен соңғы жекпе-жегінд америкалық Трой Олбрингті біріші раундта-ақ сұлатып салды. 

Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 647-ші<span> </span>орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или