Бокс

Фируза Шәріпова көмек сұрайды

Фируза Шәріпова көмек сұрайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың қазіргі жағдайы мәз емес. Ол осы жылдың қыркүйегінде өзінің спорттан кететіні туралы жариялаған болатын.

Ол үш жыл ішінде әртүрлі төрт белбеу жеңіп алып, ауыр және жеңіл салмақта әлем бойынша чемпион атанған еді. Осындай боксшы қызды не тоқтатуы мүмкін. Әрине қаражат жетіспеушілігінен ол карьерасын тоқтатуды жөн көрген. Өйткені жақсы дайындық көп қаражатты талап етеді.

Телефон байланысына шыққан Фирузаның спортқа қайта келуге деген үміті де жоқ емес екен. Оны жақында ғана француздық боксшы өзімен жекпе-жекке шақырған болатын. Бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкін.

«Бізге көмектеседі деген үміттемін. Тек спорт министрі ғана емес президентіміз және бизнесмендер де назар аударса екен деймін. Мен Қазақстанға жаңа титул алып келемін. Сол үшін бұған бей-жай қарамаса деймін», – дейді Фируза Шәріпова.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер