WBA рейтингі: Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақындады

WBA рейтингі: Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақындады

Жаңа айдың басталуымен WBA Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы өзінің рейтингін жаңартты, онда қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса ауыр салмақ

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері, бұған дейін рейтингтің 14-ші сатысында тұрған Иван Дычко үздік 15 боксшының қатарынан шығып қалды.

Бірінші ауыр салмақ

Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Бейбіт Шүменов әлі де WBA тұрақты чемпионы.

Екінші орта салмақ

WBA халықаралық чемпионы Айдос Ербосынұлы рейтингте екінші орынға көтеріліп, титулдық жекпе-жекке таласуға жақындады.

Орта салмақ

WBA құрлықаралық чемпионы Нұрсұлтан Жаңабаев рейтингте жетіншіден алтыншы орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или