Жеңіл атлетика

Мәдениет және спорт министрі IAAF президентімен кездесті

Мәдениет және спорт министрі IAAF президентімен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының (IAAF) президенті Лорд Себастьян Коумен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов пен Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Ольга Рыпакова, жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері - Қазақстан Республикасының Ұлттық жеңіл атлетика құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Карпов қатысты.

Райымқұлова өз сөзінде еліміздегі жеңіл атлетиканың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, осы спорт түрінің даму перспективаларын талқылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде жеті жеңіл атлетика аренасын салу, сондай-ақ Нұр Сұлтан қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының аймақтық даму орталығын ашу жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер