Алматыда «Әлем барысы» өз бастауын алды
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен «Әлем барысы» әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Аталмыш шара Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында өтіп жатыр. </span>
Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады.
«Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или