Альварестің промоутері Головкиннің басты қарсылас екенін айтты
Әлем чемпионы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо Fighthype порталына берген сұхбатында шәкіртінің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен болашақ қарсыластары жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«160 немесе 168 фунтта жұдырықтасу жоспарымызда бар. Головкинмен арамыздағы трилогия, Каллум Смит, Джон Райдер және Билли Джо Сондерс – осылардың бірімен шығуымыз мүмкін. «Канелоның» жекпе-жек өткізетін уақытының бірі - мамырға дейін 5 ай бар.
«Канелоның» 160 немесе 168 фунтқа дейін салмақ тастауына уақыты жетеді. Біз промоутерлермен және кіммен кездесуіміз керектігін айтатын DAZN өкілдерімен кездеспекпіз. Сондай-ақ біз Жаңа жыл мерекесінен кейін, 15 қаңтарда Саульдің кіммен жұдырықтасатынын жариялайтын боламыз», - деді Рейносо.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или