Максим Дадашевтің ажалына себепкер болған боксшы тағы бір жекпе-жек өткізді
Пуэрторикалық боксшы Субриэль Матиас ресейлік былғары қолғап шебері Максим Дадашевтың өлімінен кейін, алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетелік, Дадашев Матиаспен болған кездесуде алған жарақатынан кейін қаза тапқан болатын.
Матиас Джонатан Хосе Энизбен жұдырықтасып. 5-раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның еншісінде 15 жекпе-жек болса соның бәрін уақытынан бұрын жеңген.
Дадашев қатерлі жекпе-жекті 19 шілде күні АҚШ-та өткізген болатын. Матиас кездесудің барлық раундында басымдық танытқан. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен кездесу 11-кезеңде аяқталды. Жекпе-жектен кейін ресейлік боксшы өзін нашар сезінген. Ауруханаға жеткізілген Максим Дадашевке ми ісігі диагнозы қойылды. Дәрігерлер ота жасағанымен, Дадашев бірнеше күннен кейін жан тәсілім етті.