Гандболдан әлем чемпионаты: Қыздарымыз тағы да ұтылды
Кумамотода (Жапония) гандболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
С тобы өткізген екінші матчта қазақстандық спортшылар Черногория елінің өкілдеріне жол берді. Кездесу 1:30 (11:13) есебімен аяқталды. Келесі ойында жерлестеріміз румыниялықтарға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін де қыздарымыз Венгрия құрамасынан 15:39 есебімен ұтылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или