Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды

Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды

Жартылай ауыр салмақта WBО чемпионы, мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Мен үшін бұл жекпе-жек қызық емес. Мен оған 24 раунд уақыт бердім. Осымен бітті. Мен жасайтын басқа да жұмыстарым бар», – деді Альварес BoxingScene порталына берген сұқбатында.

<span>Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті - біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.</span>

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

«Канело» - төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездескен Сауль, қарсыласын 11 раундта нокаутқа жіберді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или