Қазақстандық спортшылар араға 11 жыл салып жүлделерін алды

Қазақстандық спортшылар араға 11 жыл салып жүлделерін алды

Бүгін «Алтын Самғау-2019» Ұлттық спорттық Жүлдесінің салтанатты рәсімінде қазақстандық спортшыларға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделері табысталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан Алла Важенина мен Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының медальдарін тапсырды.  </span>

<span>Айта кетелік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелері қайта қаралып, ауыр атлетика мен жеңіл атлетикадағы Қазақстан көрсеткіштерінде өзгерістер орын алды.</span>

<span>Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келі салмақта 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды. Ал Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін ресми түрде иеленді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или