Айдос Ербосынұлы жаттығуының видеосын жариялады

Айдос Ербосынұлы жаттығуының видеосын жариялады

Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдос 21 желтоқсан күні Красноярск қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсыласы әлі белгісіз.

- <span>Біздің дайындық жұмыстарымыз жалғасуда. Алла қаласа 21 желтоқсан шаршы алаңда ел намысын қорғайтын боламыз, - деп жазды боксшы.</span>

Осы кеште жартылай орта салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев та (8-0, 5 КО) кездесу өткізеді. Оның қарсыласы - венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или