Роман Григорчук: Жеңілуге қақымыз болған жоқ

Роман Григорчук: Жеңілуге қақымыз болған жоқ

«Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчук «Манчестер Юнайтедке» (2:1) қарсы кездесу соңында ойын туралы пікірмен бөлісті:

- Бірінші таймда бірнеше қателікке бой алдырып алдық. Егер алғашқы таймға талдау жасайтын болсақ, біз бұрыштаманы орындау барысында қателік жасадық. Біз осыған дейін ол туралы айтқан болатынбыз. Екі таймда айтарлықтай айырмашылық болды дей алмаймын.

- Бұл сіздің мансабыңыздағы ең маңызды жеңіс дей аласыз ба? Ойынның атмосфрасы туралы не айтасыз?
- Мен өте қуаныштымын. Егер сұхбатты осы сауалдан бастасаңыз мүлде қуанышты болар едім. Осындай тамаша жеңістен кейін, кері дүние айтудың өзі артық. Біздің жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Осындай тамаша атмосфера жасаған жанкүйерлер алдында, жеңілуге қақымыз болған жоқ. Біз бұл адамдарға қарыздар екенімізді айтқан болатынмын. Менің ойымша, осы қарызымызды біз бүгін лайықты деңгейде қайтара алдық. Сондықтан да жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіремін.
- «Астана» екінші тайм басында өте жақсы ойын көрсетті. Үзілісте жігіттерге не айттыңыз?
- Мен бұл сауалға осыған дейін аздап жауап бергендей болдым. Біз үзілісте осыған дейінгі айтылған дүниелерді еске алдық. Өзімізге сенімді болып, осы ойынды жеңе алатындығымызды жеткіздім. Алаңға шығып, жақсы ойын көрсету туралы сөз болды.
- «Манчестер» сапынан қай ойыншыны ойланбастан командаңыздың қатарына қосар едіңіз?
- Сіз мені дәл қазір трансфер туралы ойлауға алып келіп тұрсыз. Біз дайынбыз. Осы туралы біздің басшылыққа айтуды ұмытпаңыз. Егер олар МЮ сапынан ойыншы алуға қауқарлы болса, біз ол шешімді тек қолдаймыз. Қарсылас сапында таңдаулы ойыншылар жеткілікті. Дегенмен, біз өз ойыншыларымызға үлкен құрметпен қараймыз. Алайда, бізге қысқы үзілісте құрамды күшейту қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или