Қазақстандық әскери спортшы панкратионнан әлем чемпионы атанды
Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде панкратионнан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Сәбит Жүсіпов 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион белдігін жеңіп алды. Ол финалда 2018 жылғы әлем чемпионы ресейлік Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді.
Сайыста 200-ден астам спортшы бақ сынады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или