Қазақ теннис ханшайымы Зарина Диястың 10 қағидасы

Қазақ теннис ханшайымы Зарина Диястың 10 қағидасы

Зарина Дияс – әлемдік теннистің жаңа жұлдызы. Ол әлемді өзінің сұлулығымен және ерекше дарынымен таңғалдырды.

Зарина спортта бөлек кітаптар оқиды, музыка тыңдағанды ұнатады. Ең қызығы қазіргі әйелдер теннисінің феноменіне айналған Мария Шарапованы жеңгісі келеді.  Осы ретте оқырманға Диястың өмірдегі және спорттағы негізгі 10 ұстанымын жариялап отырмыз:

1. «Шындығында мен ырымдарға сенбеймін. Спортта жоқ жерден бағым жанады деп, не болмаса кездейсоқ жеңіс бұйырады деп өз-өзіңді алдау қажет емес. Мен теннисте тек өзіме ғана сене аламын».

2. «Мен өз арманыма жақындап келемін. Сол себепті қиыншылықтарға жолыққаныма еш өкінбеймін. Қиындықтар мені қайта шыңдай түседі».

3. «Өз кемшіліктерім жайлы айтуды жөн санамаймын. Шынына келгенде, жан-жақты даму керек.Соңына шейін күресу керек».

4. «Жырақта болған жақсы, бірақ өз үйімде болған одан да жақсы. Мен үшін Қазақстан әрдайым бірінші орындағы мемлекет болып қала береді».

5. «Қазір мен қайырымдылық туралы ойлап жүрмін. Менің ойымша, өмірдегі қиыншылықтары бар адамдарға көмектесу – біздің міндетіміз».

6. «Мен туысқандарымды үлгі тұтамын. Оларды қатты сыйлаймын. Өзімнің тегімнің тарихын білемін».

7. «Теннисте бір сәтке болсын, тоқмейілсуге болмайды».

8. «Мен әрбір жарысқа өзіммен бірге Қазақстанның туын алып жүремін».

9. «Менің ойын тәсілім – көп шабуылдаймын, қарсыласыма үнемі қысым көрсетуге тырысамын».

10. «Денсаулықты күту керек. Көп ойнаумен қатар, көп жеңу де маңызды».

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или