Golden Boy президенті: Головкин мен Канело жанкүйерлер тамаша жекпе-жек сыйлады
Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші мәрте жұдырықтасқанын қалайды.
- Олар екі мәрте тамаша жекпе-жек өткізді. Жанкүйерлер жақсы соққыларды, ашық айқасты, бәсекелестікті байқады. Бір сөзбен айтқанда, тамаша жекпе-жек болды.
Үшінші жекпе-жекті өткізуге Головкин де, DAZN компаниясы да ниетті. Канело ресейлік Сергей Ковалевті жеңгеннен соң Головкинге қарсы жекпе-жектің болып қалуын болжаған еді, - дейді Эрик Гомес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или