Георгий Жуков: Қоштаспаймын – тек кездескенше деймін!
Польшаның «Висла» командасымен келісімшартқа отырған Георгий Жуков соңғы үш маусымда ойнаған «Қайратқа» алғысын айтты.
- «Сары-қара» отбасы, рақмет! Үш жылым қызыққа толы болды. Бұл жейдені кию мен үшін ерекше еді. Команданың нәтижесіне қарамастан қолдап жүрген жанкүйерлерге де алғысым шексіз. Әріптестеріме, баперлерге, қызметкерлерге рақметімді айтамын. Қайрат Советұлына сенім мен қолдау білдіргені үшін ерекше рақмет! Спорттық себеп бойынша жаңа белесті бағындыруға кетті. Бәрі үшін рахмет, «Қайрат»! Мен қоштаспаймын – тек кездескенше деймін! – деп жазды Инстаграм парақшасында.
Георгий Жуков өткен маусымда «Қайрат» сапында 30 матчқа қатысты, әрі 2 гол соғып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Еуро-2020 іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.
Айта кетейік, «Висла» Польшаның жоғары лигасында бақ сынайтын команда. Сол елдегі тарихы тереңге тартатын клубтардың бірі саналады. 13 мәрте Польша чемпионы атанған.