Уле-Гуннар Сульшер: Ертеңгi ойынның құны ɵзiн-ɵзi ақтайды

Уле-Гуннар Сульшер: Ертеңгi ойынның құны ɵзiн-ɵзi ақтайды

"Манчестер Юнайтед" командасының бас бапкерi Уле-Гуннар Сульшер Нұр-Сұлтанға не себептi жастарды əкелгенiн түсiндiрiп, "Астанаға" қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Не себептi Қазақстанға жастарды əкелудi жɵн кɵрдiңiз? Тəжiрибелi ойыншылар нелiктен Манчестерде қалды?

- Жауап белгiлi деп ойлаймын. Жастарға мүмкiндiк берудi жɵн кɵрдiм. Еуропа Лигасының топтық кезеңiнде ɵткен тɵрт ойында жақсы нəтиже кɵрсеттiк. Ендi жастарға, алаңға сирек шығатын кейбiр тəжiрибелi ойыншыларға мүмкiндiк беруге болады.

- Алыс жолды қалай еңсердiңiздер? Шаршап қалмадыңыздар ма?

- Екi қаланың арасындағы уақыт айырмашылығы аса үлкен емес. Дегенмен дəлiзде ұйқыға жататын киiммен жүрген жiгiттердi кɵрсеңiздер таң қалмаңыздар. Олар Британияның уақытына үйренiп қалған.

- Командаға Макс Тейлордың қайтып оралуы туралы айтып ɵтiңiзшi (ол iсiк ауруынан жазылды).

- Ол ауыр жолдан ɵттi. Мұндай ерлiгiмен команданың бүкiл ойыншысына үлгi болып отыр. Мен үшiн жiгiттердiң ойыннан лəззат алғаны маңызды.

- Сiздiң əрiптесiңiз Жозе Моуриньо ұлттық құраманың бапкерi болғысы келмейтiнiн айтып, ɵз ойын Қазақстан секiлдi алыс елге баруға тура келетiнiмен байланыстырған еді. Осы жайлы не айтасыз?

- Мен үшiн ойыншылардың мұндай матчқа қатысуы маңызды. Үздiк деп санайтын жас шəкiрттерiме мүмкiндiк беретiн сəттi күтiп жүрдiм.

- Алыс жол, уақыт айырмашылығы, "Астана Аренадағы" жасанды алаң. Мұндай келеңсiздiктiң бəрi сiздерге қиындық тудырмай ма?

- Ɵз алаңымызда бiзге жеңiл болған. Жастар үшiн сырт алаңдағы ойында ɵздерiн жақсы қырынан кɵрсету маңызды.

- Ертеңгi ойыннан қандай нəтиже күтесiз?

- Еурокубоктағы кез келген ойындағы мақсатымыз жеңiске жету.

- Қазақстанға алғаш келгендегі әсеріңізбен бөлісе аласыз ба?
- Менi ең бiрiншi кɵрiктi ғимараттар таң қалдырды. Бiз түнде келгендiктен ұйықтап үлгердiк. Тiптi қыдыруға да шықтық. Бейне бiр ɵз үйiмде жүрген сияқтымын.

- Ертеңгi матчтың билеттерi тым қымбат. Ал МЮ-дiң ɵз алаңындағы ең қымбат билет қанша тұрады?

- Ол жағын бiлмедiм. Бiрақ менiң отбасым матчқа тегiн барады (күлдi). Бiрақ ертеңгi ойынның құны ɵзiн ɵзi ақтайды. Қанша дегенмен талантты, атақты ойыншылар алаңға шығады емес пе!

Роман Григорчук: Бізді тартысты да қиын ойын күтіп тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или