- "Манчестер Юнайтед" қосалқы құраммен келгенін ескеретін болсақ, осы командадан жеңiлу "Астанаға" ауыр соққы болып тие ме?
- Маған командамның дайындығы ұнап отыр. Бейне бiр сiздер бiздiң жеңiлiсiмiздi күтiп жүргендейсiз. Ɵздерiңiз де бiлесiздер, "Манчестер Юнайтед" əлемге танымал бiраз ойыншыны тəрбиелеп шығарды. Қазiр олар буын алмасу процесiн жүргiзiп жатыр. Олар жылдам, техникалық тұрғыда мықты. Оларды жас деп менсiнбеу... Олар жас та болса, Еуропа Лигасында ɵзiн үздiк қырынан кɵрсетуге дайын деп ойлаймын.
- Ертең еурокубоктағы соңғы ойын. "Астананың" жас ойыншыларына мүмкiндiк беру жоспарыңызда бар ма? Ɵз құрдастарымен ойнап, тəжiрибе жинауына сеп болар едi.
- Бұл бiздiң жоспарымызда жоқ емес. Команда тiзiмiнде үш-тɵрт жас ойыншы болады. Олардың алаңға шығуына мүмкiндiк болады.
- Рунар алғашқы минуттан бастап алаңға шығуға дайын ба?
- Оның алаңға шықпағанына кɵп болды. Бiрақ толық құрамда жаттығып жүр. Рунардың да бiрiншi минуттан бастап негiзгi құраммен шығуына мүмкiндiк бар.
- "Манчестер Юнайтедтiң" ɵз академиясынан ойыншыларын əкелуi "Астанаға" құрметсiздiк деп ойламайсыз ба?
- Құрметсiздiк деп айту орынсыз. Əр клуб ɵз мiндетiн қалай орындауды ɵзi шешедi. Бiзге ағылшынның əйгiлi командасына қарсы ойнау үлкен оқиға. Жас та болса бiзге мықты ұжым қарсы тұрады. Бiр бiлерiм, бiздi тартысты да қиын ойын күтiп тұр.