Чемпиондар лигасы: Роберт Левандовски рекорд орнатты
Бүгін чемпиондар лигасы топтық кезеңі аясында өткен«Црвена звезда» мен «Бавария» кездесуінде рекорд орнатылды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
OptaJean, мюнхендік клубтың форварды Роберт Левандовски турнир тарихындағы ең жылдам покерді жасаған. Польшалық футболшыға төрт гол соғу үшін 14 минут 31 секунд кеткен.
Левандовски аталмыш турнирдегі ең үздік 5 страйкер қатарына жататынын айта кету керек (60). Тізімде форвард алдында мына ойыншылар жайғасқан: Роналду (127), Месси (113), Рауль (71) және Бензема (63).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или