«Барыс» сырт айдында «Металлургті» жеңді
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын сырт айдында өткізді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Елордалық команданың қарсыласы Магнитогорскінің «Металлург» клубы болған.
Елордалықтар өз алаңында өткізген ойындар сериясындағы соңғы екі матчта Қазанның «Ак Барсы» мен Хабаровскінің «Амурынан» жеңіліп қалды. Ал «Металлург» соңғы екі ойынын жеңіліспен аяқтады.
Есепті алғашқы таймда алаң қожайындары ашқанымен, ойынның екінші бөлігінде «Барыс» бір шайбамен жауап қатты. Қорытынды үшінші таймда есеп өзгермей, матч овер-таймға ұласты. Бұл жолы Виделльдің соққан шайбасы елордалық ұжымға жеңісті сыйлады.
ҚХЛ. Тұрақты чемпионат
«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 – Мозякин (О”Делл, Расмуссен) – 06:20
1:1 Акользин – 25:46
1:2 Виделль (Найт) – 61:08
Соққылар: 33 – 35