Жанбота Алдаберген: Ұлттық Спорттық Жүлде жылды қорытындылайтын тамаша мүмкіндік
Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова 2019 жылғы Ұлттық Спорттық Жүлдеге үміткер спортшылар қатарына енді. Ол биылғы әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енген болатын. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Жанбота спорттық жүлденің дәстүрге айналғанына қуанышты.
<span>"Жыл сайын спортшылардың еңбегін бағалап, жылды жақсы көңіл-күймен қорытындылайтын Ұлттық Олимпиадалық комитетке алғысым зор. Мұнда жекелеген спортшылардың емес, үлкен команданың еңбегі жатыр. Спорттық жүлдеде әрбір спортшы жеңіске лайық. Бұл жүлдеге үміткер атанудың өзі еңбектің еш кетпегенін білдіреді. Сондықтан, жылды қорытындылайтын тамаша мүмкіндікті мүлт жібермеу керек. Бізге дауыс берген әр жанкүйерге рахметімді айтамын", - дейді Жанбота.</span>