Әсет Серікбаев: Маусым соңында бапкерлер еңбегін бағалап жатқандарға рақмет

Әсет Серікбаев: Маусым соңында бапкерлер еңбегін бағалап жатқандарға рақмет

30 қараша күні Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен "Altyn Samǵaý-2019" Ұлттық Спорттық Жүлдесі өтеді. «Жазғы спорт түрлеріндегі үздік бапкер» аталымында еркін күрестен Қазақстан командасы бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев көш бастап келеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

<span>«Биыл балуандар үшін аса маңызды бәсеке өтті. Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық әлем чемпионаты тұңғыш рет біздің елімізде ұйымдастырылды. Мұнды ірі доданы абыроймен өткізіп, жанкүйер алдында еңсемізді тік ұстау біздің басты мақсатымыз болатын. Чемпионат біз үшін жақсы өтті. Балуандарымыз Олимпиада ойындарына төрт жолдама жеңіп алса, екі спортшымыз ақтық сында күресті. </span>

<span>Одан бөлек, биылғы Азия чемпионатында екі балуанымыз жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Осы жетістіктердің барлығын келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасында қайталасақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ал осындай қарбаласқа толы маусым соңында бапкерлер еңбегін бағалап жатқан ұйымдастырушыларға рақмет. Бұл жүлде спортшылардың да, бапкерлердің де еңсесін көтеріп тастайтыны сөзсіз», - дейді бапкер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или