WBN нұсқасы бойынша P4P рейтингісі: Головкин өз орнын сақтап қалды
Белгілі <span>WorldBoxingNews.net порталы </span>pound-for-pound (<span>P4P салмақ дәрежесіне қарамай берілетін) рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>
1. Мексикалық Сауль Альварес (53 (36 КО)-1-2). Орта салмақта WBC Franchise, WBA Super және The Ring титулдарының, екінші орта салмақта WBA Regular және жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінің иегері
2. Украиналық Василий Ломаченко (14 (10 КО)-1-0). Жеңіл салмақта WBC Franchise, WBA Super, WBO және The Ring титулдарының иегері
3. Жапониялық Наоя Иноуэ (19 (16 КО)-0-0). Аса жеңіл салмақта WBA Super, IBF және The Ring титулдарының иегері
4. Америкалық Эррол Спенс (26 (21 КО)-0-0). Жартылай орта салмақта WBC және IBF белбеулерінің иегері
5. Филиппиндік Мэнни Пакьяо (62 (39 КО)-7-2). Жартылай орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері
6. Қазақстандық Геннадий Головкин (40 (35 КО)-1-1). Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері
7. Америкалық Теренс Кроуфорд (35 (26 КО)-0-0). Жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінің иегері
8. Украиналық Александр Усик (17 (13 КО)-0-0). Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы
9. Мексикалық Хуан Франциско Эстрада(40 (27 КО)-3-0). Екінші жеңіл салмақта WBC және The Ring титулдарының иегері
10. Америкалық Деонтей Уайлдер (41-0-1, 40 КО) Ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері