Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапонияда өтетін әлем кубогына қатысады
Шорт-тректен жаңа маусым жалғасуда. Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогынан оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға ұшып кетті.
29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңін қабылдайды.
Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар тізімін жария етті.
Олар: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковитская. Әлем кубогінің төртінші кезеңі 8-10 желтоқсан күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтпек.
Айта кетелік, АҚШ-та өткен әлем кубогінде қазақстандық Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды.