«Барыс» овертаймда «Амурдан» жеңілді

«Барыс» овертаймда «Амурдан» жеңілді

«Барыс Арена» алаңында құрлықтық хоккей лигасы тұрақты матчы аясында астаналық «Барыс» пен «Амур» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталып, кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда Игорь Руденков жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша, ресейлік клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі команда бұған дейін биыл екі мәрте кездесіп үлгерді. Оның екеуінде де елордалық хоккейшілер басым түскен болатын.

Барыстықтар өткен ойында Қазанның «Ак Барсымен» жолығып, олардан 1:5 есебімен ұтылған болатын.

Соңғы 13 ойында «Барыс» хоккейшілері 4-де ғана жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Елордалық клуб 26 қарашада Ресейдің «Металлург» (Магнитоорск) командасымен шеберлік байқасса, 28 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или