Чемпиондар лигасы. «Аят» - «Ново Вриеме»: Тікелей көрсетілім

Чемпиондар лигасы. «Аят» - «Ново Вриеме»: Тікелей көрсетілім

Бүгін ресейлік Тюмень қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясында үшінші матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық «Аят» футзал клубы хорватиялық «Ново Вриеме» командасымен сынға түседі. Рудныйлық клуб алғашқы екі турда жеңіліс тауып, финалға жолдама ала алмады. Бірінші ойында «Тюмень» клубынан 3:0 есебімен жеңілсе, екіншісінде лиссабондық «Спортингке» (5:2) есе жіберді.

Ал «Ново Вриеме» командасы «Спортингтен» (0:4) ұтылып, «Тюменьмен» (3:3) тең түскен болатын.

«Аят» - «Ново Вриеме» матчы елордалық уақыт бойынша 15:50-де басталады. Тікелей трансляцияны біздің сайтымыздан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или