Деонтей Уайлдер Луис Ортисты тағы да нокаутқа жіберді
Бүгін Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) MGM Grand аренасында WBС тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деонтей Уайлдер (41-0-1, 40 КО) мен Луис Ортис (31-1, 26 КО) арасындағы ауыр салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Кештің басты кездесуінде сынға түскен Деонтай Уайлдер Луис Ортисті 7-раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, америкалық боксшы суперауыр салмақта WBC титулын қорғап қалды.
Уайлдер кәсіпқой рингтегі 43-ші жекпе-жектің 42-сінде жеңіске жетті, біреунде ол тең түскен.
Өткен жылдың наурыз айында Деонтай Уайлдер мен Луи Ортистің арасындағы алғашқы жекпе-жек өткен болатын. Уайлдер Ортисті оныншы раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или