«Канело» Головкинмен үшінші айқастан бас тартты

«Канело» Головкинмен үшінші айқастан бас тартты

Үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) кезекті рет өзін Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші айқастың қызықтырмайтынын тағы бір анықтады.

<span>Бұған қоса мексикалық 2013 жылы өзінің карьерасында тұңғыш рет ащы жеңілістің дәмін татқызған америкалық кіші Флойд Мэйвезерден (50-0, 27 КО) қарымта қайтарғысы келетіндігін айтты. Мұның алдында кіші Флойд Мэйвезер алдағы жылы рингке қайта оралғысы келетіндігін жария еткен болатын.</span>

<span>«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Бұл айқастың мен үшін еш маңызы жоқ. Ал Мэйвезер? Одан жеңілгенім маған өте жақсы сабақ болды. Иә, онымен қарымта жекпе-жекті сүйсіне өткізер едім. Солай болатындығына сенемін»,-деді «Канелло» ESPN теларнасына берген сұхбатында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или