Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбританияға есе жіберді

Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбританияға есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Мадридте ерлер теннисінен беделді халықаралық командалық жарыс - Дэвис кубогы өтіп жатыр.

Ұлыбританиямен болған үшінші матчта қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Александр Бублик британдық Джейми Мюррей мен Нейл Скупскийге қарсы ойнады. Бұл кездесуде жерлестеріміз 1:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, бүгін жекелей сында Михаил Кукушкин Кайл Эдмундтан жеңіліп, Александр Бублик Дэниэл Эванстен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан Дэвис кубогында Ұлыбританиядан 1: 2 есебімен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер