Қазақстандық шабандоз Қытайдағы турнирде көш басында келеді
Қытайда бірінші деңгейлі «Фучжоу туры» велокөпкүндігі өтіп жатыр.
Жергілікті Shenzhen Xidesheng командасының намысын қорғап жүрген қос қазақстандық шабандоз - Илья Давыденок пен Артур Федосеев 3-ші кезеңнен соң көш басына шықты.
Алда төртінші, қорытынды кезең қалды.
«Фучжоу туры» велокөпкүндігі. Жалпы есеп. 3-ші кезең.
1. Илья Давыденок (Қазақстан, Shenzhen Xidesheng Cycling Team) – 7:55:29
2. Артур Федосеев (Қазақстан, Shenzhen Xidesheng Cycling Team) – +0:04
3. Лю Сяньцзин (Қытай, Hengxiang Cycling Team) – +0:51
4. Карлос Кинтеро (Колумбия, Ningxia Sports Lottery - Livall Cycling team) – +0:55
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или