Деревянченко: Қайталап айтамын, мен Головкиннен жеңілген жоқпын

Деревянченко: Қайталап айтамын, мен Головкиннен жеңілген жоқпын

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко  жақында ғана қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен кездесуі жайлы тағы да айтты, деп хабарлайды Prosports.kz YouTube желісіндегі VideoBoxing арнасына сілтеме жасап.

«Жекпе-жекте мен жеңіске жеттім бе? Өзіме үнемі сыни көзбен қараймын. Бапкерім «Егер сенің қолыңды көтермесе, онда бірдеңені дұрыс істемегенің» деп үйрететін. Осы сөзді басшылыққа аламын.Тек бір нәрсені ғана айта аламын – мен жеңілген жоқпын. Жеңілмегенімді ішім сезеді. Жекпе-жекті қайтадан тамашалап көрмедім», дейді Деревянченко.

Еске сала кетелік, Головкин – Деревянченко кездесуі 6 қазан күні Нью-Йорктің «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или