Дэвис кубогы: Кукушкин Нидерландыға қарсы алғашқы матчта жеңіске жетті

Испания астанасы Мадрид қаласында теннистен Дэвис кубогы басталды. Алғашқы матчта Михаил Кукушкин жеңіс тойын тойлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Нидерландылық Ботик ван де Зандсхульппен кездескен қазақстандық теннисші екі сетте де қарсыласынан басым түсіп, 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.</span>
<span>Айта кетейік, қос құрама теннисшілері тағы да екі ойын өткізеді. Келесі матчта Александр Бублик пен Нидерландының бірінші ракеткасы Робин Хасейге қарсы кортқа шығады.</span>
<span>Нидерланды құрамасынан кейін, Қазақстан құрамасы 21 қараша күні Ұлыбританиямен жолығады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или