Дэвис кубогы: Қазақстан - Нидерланды кездесуінің тікелей трансляциясы

Дэвис кубогы: Қазақстан - Нидерланды кездесуінің тікелей трансляциясы

Бүгін Испания астанасы Мадридте Дэвис кубогының финалдық турнирі басталады. Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыласы Нидерланды теннисшілері, деп жазады Prosports.kz.

Диас Досқараев турнирге Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попконы сынды теннисшілерді бастап кетті.

Топтық кезеңде голландиялықтардан бөлек, біздің команда 21 қарашада Ұлыбританиямен кездеседі. Топ жеңімпазы жарыстың ширек финалына өтеді. Сонымен қатар, топтан екінші орынмен шыққан тағы екі команда да келесі кезеңге жолдама алады.

Голландия мен Қазақстан арасындағы Дэвис кубогы аясындағы матчтың тікелей трансляциясы сағат 15:55-те басталады. Кездесуді QazSport телеарнасы көрсетеді.

<h4 class="title">2019 жылғы Дэвис кубогы: Фактілер мен сандар сөйлейді</h4>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или