Голубев Токиодағы турнирден шет қалды

Андрей Голубев ATP аясында Токиода өтіп жатқан Rakuten Japan Open Tennis Championships турнирінің ширек финалына шыға алған жоқ.

1/8 финалдық матчта қазақстандық теннисші әлемнің 70-ші ракеткасы америкалық Джек Соккқа үш сетте жол берді – 3:6, 6:1, 5:7. Кездесу 1 сағат, 50 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетсек, бірінші айналымда Голубев француз Пьер-Юг Эрберді екі партияда жеңді – 6:4, 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или