Қазақ сумошысы Жапония чемпионы атанды
Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл сумодан жастар арасындағы Жапония чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Қазақ күресі ұлттық федерациясының экс-президенті Арман Шораевтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Сүйінші, Қазақ Елі! Біздің бауырымыз Ерсін Балтағұл сумодан жастар арасында Жапонияның чемпионы атағын жеңіп алды. Осыдан төрт жыл бұрын атақты моңғол бауырымыз Асашери Акинори Ерсінні өзімен бірге алып кетіп, балуанның шыңдалуына үлес қосты», деп жазды Арман Шораев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или