Футзал

Қайрат Оразбеков: «Қайрат» АФК әркез жоғары орын үшін таласады

Қайрат Оразбеков: «Қайрат» АФК әркез жоғары орын үшін таласады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков УЕФА Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіндегі қарсыластары және Қазақстан футбол федерациясының Игитаны елеусіз қалдырғаны туралы пікір білдірді.

– «Бенфика» Алматыға бұған дейін де келген. Ол кезде үшінші орын үшін болған матчта оларды пенальти сериясында жеңдік. Испанияның «Эль-Пососы» – Кәрі құрлықтың ең мықты ұжымдарының бірі. Мінезі «Қайраттікіне» келеді. Әркез соңына дейін күреседі. «Песаро» болса - жас команда. Дегенмен Италияда әлсіз команда жоқ. Олар Италия футзалына жаңа қарқын алып келді.

Бірақ біз алматылық «Қайрат» екенімізді естеріңізге сала кетейін. Біз әрқашан тек бірінші орын үшін күресеміз.

- Егер «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне өтсе, Тайнанның орнын басар ойыншы іздей ме?

- Оның деңгейіндегі ойыншыны табу қиын. Дегенмен қолымыздан келгенді істеп, мықты ойыншыны тауып көреміз.

- Жақында ҚФФ ұйымдастырған жылдың үздіктерін марапаттау рәсімінде болып қайттыңыз. Жылдың үздік ойыншысы болып - Қайрат Иманалин таңдалды. Сіз бұған қалай қарайсыз?

- Өздеріңіз білетіндей, бұл шешімді мен қабылдаған жоқпын және оны қалай шешкенін де түсінбеймін. Бас хатшы жеңімпазды соңғы сәтте ғана білетінімізді айтқан жоқ. Иманалинді өте құрметтеймін, мықты ойыншы. Бірақ әлемнің үздік қақпашысы атанған Игитаны елеусіз қалдырғаны түсініксіз болды. Федерацияның әлемдік сарапшыларға қарағанда мықты мамандары бар-ау шамасы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер