«Тараз» Премьер-лигада қалды

«Тараз» Премьер-лигада қалды

Тараздағы орталық стадионда Премьер-Лиганың жолдамасы үшін «Тараз» бен «Ақжайық» күш сынасты.

Жоғарғы лигада 10 орын алған «Тараз» бен Бірінші лиганың қола жүлдегері «Ақжайық» жолдамаға таласты. Командалар алғашқы ойында 0:0 тең тарқасқан еді.

Матчтың тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді. Алаң қожайындары қарсыласының қақпасына үш гол соқса, қонақтар бір ғана доппен жауап қатты.

«Тараз» – «Ақжайық» 3:1 (3:1)

Голдар: Сәрсенов 9, Таубай 14, 27 – Симчевич автогол 28

18 қараша. Тараз. «Орталық».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или