Азиада. Су добы. Қазақстан құрамасы - финалда

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Инчхондағы Азия ойындарының финалына шықты.

Жартылай финалда Сергей Дроздов шәкірттері Қытай командасымен кездесті. Бұл матчта қос құрама да оңай беріле салмады, басымдық бір командадан екіншісіне ауысып отырды, сондықтан негізгі уақыт 6:6 есебімен аяқталды.

Финалға берілер жолдаманың тағдыры матчтан кейінгі пенальтиде анықталды, бұл тұста қазақстандық команданың бағы жанды – 5:3.

Қазақстан – Қытай 11:9 (1:2, 3:1, 0:2, 2:1, пенальти – 5:3)

Қазақстан: Федоров, Махметов (вратари); Губарев, Аксенов (1), Пилипенко, Ушаков (1), Шмидер (1), Шәкенов, Коляденко (1), Укуманов, Рекечинский, Панфили, Пекович (2).

Матчтан кейінгі пенальтиді Александр Аксенов, Алексей Панфили, Владимир Ушаков, Рустам Укуманов және Алексей Шмидер дәл орындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или