Минскіде қазақстандықтар командалық спринтте жетінші орын алды

Минскіде қазақстандықтар командалық спринтте жетінші орын алды

Бүгін, 15 қарашада Минскіде конькимен жүгіруден Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер командасының спринтінде Қазақстан құрамасы (Артем Крикунов, Роман Кретч, Станислав Палкин және Артур Галиев) жетінші орын алды.

Бірінші орынды голландиялық конькишілер, екінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Үздік үштікке канадалық спортшылар кірді.

Еске салайық, Әлем чемпионатының бірінші кезеңі Минскіде 15-17 қараша аралығында өтеді.

Еркектер. Командалық спринт

1. Нидерланды - 1,21,163

2. Қытай - +0.15

3. Канада - +0.51

.... 7. Қазақстан - +1,86

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или