Басқа

Америкалық компания Дмитрий Баландиннің есімі жазылған төлем карточкасын шығарды

Америкалық компания Дмитрий Баландиннің есімі жазылған төлем карточкасын шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландиннің «Visa командасы 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарында» ғаламдық бағдарламасына қатысу үшін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР ҰОК ресми порталына сілтеме жасап.

«Visa командасы 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарында» бағдарламасының қатысушылары ұлты мен шығу тегіне қарамастан, Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсткен нәтижесіне қарап таңдалады.

Сондай-ақ, таңдау барысында спортшының жеке қасиеттері мен әлемдік деңгейдегі спорттық жетістіктері және қоғамдық өмірге етене араласуына баса назар аударылады.

Айта кетелік, Visa Дмитрий Баландиннің есімі жазылған карточканы айналымға шығарды. Visa 30 жылдан бері Олимпиада ойындарының ғаламдық серіктесі саналады. Сондай-ақ, Паралимпиада ойынларына 2003 жылдан бері серіктес атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер