Бокс

Азия чемпионаты: Тағы үш боксшымыз жартылай финалға өтті

news-banner7
mobile-news-top

Моңғолияда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының 1/4 финалыдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде сегіз қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін бес боксшымыздың 1/2 финалға жолдама алғанын жазған едік. Сол қатарға тағы үш жерлесіміз қосылды.

Олар: 91 келі салмақта өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай мен 84 келі салмақта бақ сынаған Ерасыл Жақпеков. Сағындық қытай боксшысын жеңсе, Ерасыл ирақтық спортшыны жарыс жолынан шығарды.

Бұлардан бөлек, қыздар арасында Ұлжан Мамутова (60 келі) қытайлық боксшыдан басым түсіп, жартылай финалға өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер