«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Қытайда үздік сұрмергендердің тізіміне енді
«Бэйцзин БСУ» командасының шабуылшысы Жерар Гоу Қытай Бірінші лигасының сұрмергендері тізіміне енді.
Ивуарлық ойыншы 27 матчта 21 соғып, сұрмергендер тізімінде үздік үштіктен орын тепті. Көш басына 22 гол соққан Оскар Тату Мариту шықса, Гоумен бірдей көрсеткішке ие Гильерме Мурики екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Жерар Гоу 2014-2017 жылдары алматылық «Қайраттың» сапында ойнап, үші маусымда Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или