Жас спортшы гимнастикалық сырықтан құлап, қаза тапты
Жаттығу кезінде 20 жастағы америкалық гимнаст Мелани Коулман жарақат алып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Eurosport.ru порталына сілтеме жасап.
8 қараша күні Мелани гимнастикалық қоссырықтан құлап, омыртқасын жарақаттап алады. Дереу арада ауруханаға жеткізілген ол 11 қараша күні жан тәсілім етті.
Коулман олимпиялық атлеттердің мемлекеттік бағдарламасына қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или