Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

Теннистен Қазақстан құрамасы 18-24 қарашада Мадридте өтетін Дэвис Кубогы финалына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Аталмыш турнирге әлемнің ең үздік 18 құрамасы сынға түседі. Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Нидерланды теннисшілерімен бір топта бақ сынайды.</span>

<span>19 қараша күні қазақстандықтар Нидерланд командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталмақ.  </span>

<span>21 қараша күні Қазақстан мен Ұлыбритания арасында кездесу өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. </span>

<span>Құрама сапында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко бар. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или