Волейболдан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды
2020 жылдың 7-12 қаңтары күндері Қытайдың Цзянмынь қаласында волейболдан ерлер командасы арасында олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span> Қытайда Азия аймақтық іріктеу айналымына қатысатын командалардың жеребесі тартылды. Жеребеге сәйкес, Қазақстан Иран, Қытай және Тайпей құрамаларымен бірге «А» тобында бақ сынайды. </span>
<span> «В» тобында Австралия, Оңтүстік Корея, Үндістан және Катар өзара мықтыны анықтайды.</span>
<span>Жарыс ережесіне сәйкес, Қазақстан командасы алғашқы ойынын 7 қаңтар күні Қытайға қарсы өткізіп, келесі күні Иран, кейін Тайпей командаларымен жолығады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или