Теннисшілеріміздің жағдайы қалай?
Қазақстандық теннисші, 20 жастағы Елена Рыбакина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұрынғыдай 34-інші, ал Зарина Дияс 78-орнында қалды.
Галина Воскобоева төрт орын төмен сырғып, қазір 47-орында тұр. Ал Анна Данилина болса, бұрынғыша 124-орында.
Дүниежүзілік рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, чехиялық Каролина Плишкова - екінші, жапониялық Наоми Осака үшінші орынға жайғасқан.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 58-сатыға қарай төмен сырғыды. Михаил Кукушкин 67-орында қалса, Дмитрий Попко 189-дан 186-ға көтерілді.
Рейтингте испаниялық Рафаэль Надаль, сербиялық Новак Джокович және швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікте тұр.